Евразиялық одақ

Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты қарым-қатынастың басты бағыттарын талқылады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Астана қаласы27 Наурыз , 16:20

Ақорданың баспасөз қызметінде хабарлағандай, мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық та тілге тиек болды.

Оған қоса, интеграциялық қарым-қатынастың еуразиялық кеңістіктегі аспектілері де  назарға алынды. Атап айтқанда, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық барысы талқыланды.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары Гаагада өткен ядролық қарусыздану Саммитінің қорытындысын да айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттарының ынтымақтастығын атап өтті.

 

 




Яндекс.Метрика