Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Е-learning жүйесін енгізумен қазақстандық оқушылардың үлгерімі 15-20%-ға артты - ҚР БҒМ

Қазақстанның білім беру саласына e-learning жүйесін енгізу орта оқу орындары оқушыларының үлгерімін 15-20%-ға арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Ерсалиев.
Казахстан11 Сәуір , 00:00


«Іс-тәжірибе көрсеткендей оқытытылған материал әлдеқайда түсінікті интерактивтік формада ұсынылу есебінен e-learning үлгерімді 15-20%-ға арттырады», - деді С.Ерсалиев.
Сонымен бірге, ол бүгінгі таңда электрондық оқыту жүйесімен шамамен 600 оқу орны қамтылғанын атап өтті.
Электрондық жүйе туралы айта отырып, Білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің басшысы қазіргі уақытта жобаны техникалық және инфрақұрылымдық жабдықтау ғана емес, оның контенттік бөлігінде де жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.  

Осылайша, бүгінгі таңда сандық білім беру жүйесінің мазмұнымен Білім беруді ақпараттандыру орталығы, сонымен қатар сандық контент жасайтын оннан астам жеке компаниялар айналысуда. 
 




Яндекс.Метрика