Өңірлер

Атырауда VIII «OILTECH Atyrau 2014» өңірлік мұнай-газ технологиялық конференциясы өтеді

Атырау қаласында 1-2 сәуір күні VIII «OILTECH Atyrau 2014» Атырау өңірлік мұнай-газ технологиялық конференциясы өтеді. Конференцияға ҚР мұнай және газ министрлігі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші компаниялар мен Австрия, Беларусия, Германия, Нидерланды, Ресей, Қазақстан елінің мұнай-химиялық заводтарының өкілдері қатысады.
Атырау27 Наурыз , 15:40

«OILTECH Atyrau 2014» - Батыс Қазақстан облысында өтетін жыл сайынғы ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол әлемнің 150 білікті мамандарын бір жерде тоғыстыратын жиын. Конференцияның бағдарламасы әрдайым ең маңызды, өткір мәселелерді қозғап, бұл саланың дамуындағы тенденцияларды көрсетеді. Сессияның спикерлері болып мемлекеттік құрылым мен өндірістік менеджерлер өкілдері сөз сөйлейді.

Екі күндік конференцияның бағдарламасы өзіне мұнайдың шельфтік кен орындары, өндірістік қауіпсіздік және мемлекеттік экологиялық бақылау, мұнай-химия саласы мен мұнай өңдеу саласын дамыту тақырыптарында, ал ең басты тақырып ол - «бұрғылау технологиясы» болмақ, деп облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Аталмыш геобарлау саласындағы семинар шеңберінде тыңдаушылар толықырақ облыстағы мұнай мен газ, геология саласындағы соңғы жетістіктер мен өзекті де қызықты жобаларды талқылайды.

Конференцияның спикерлері болып жетекші компаниялардың топ-менеджерлері сөз сөйлейді:«Қазмұнайгаз» АҚ, «КазНигри» АҚ, «Газпромнефть», «Лукойл-Нижневолжскнефть», «УралХим» және т.б.

Конференция Мұнай және газ министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі, «Қазмұнайгаз» АҚ-ның басты қолдауымен өткізілмек.

 

 

 




Яндекс.Метрика