Ұлттың денсаулығы

Өскеменде жаңа медициналық орталық ашылды

Шығыс Қазақстан облысы орталығының Новая Согра шағын ауданында барлық заманауи құрылғылармен жарақтандырылған жаңа медициналық орталық халықтың игілігіне ұсынылды.
Шығыс Қазақстан27 Наурыз , 15:30

Ғимараттың құрылысы 1 жыл бұрын аяқталған еді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы. Оның құны 1,1 млрд теңге. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясындағы өзара әріптестік туралы меморандумға сай, осы шағын ауданда орналасқан облыстың ірі өнеркәсіптік алпауыты «УК ТМК» АҚ демеушілік етті.

Осындай жоғары деңгейдегі кеңес беру-диагносикалық емхана Новая Согра ықшам ауданында алғаш салынып отыр. 82 кабинеттен тұратын 3 қабатты ғимараттың ауданы 1900 шаршы метр. Бұған дейін шағын ауданның халқы тиісті медициналық көмекті алу үшін қала орталығына қатынауға мәжбүр болатын. Енді олар үй жанындағы күндізгі стационардан кеңес алып, диагностикалық қызметтерді көре алады.

Медициналық орталықтың бірыңғай кешені батпақ арқылы емдеу мен Германия, Австрия, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея мен өзге де елдердің өндірушілерінің алдыңғы қатарлы заманауи жоғарғы технологиялы құрылғыларымен жарақтандырылған күндізгі стационар, бейімдеу, диагностика, әлеуметтік-алдын алу медициналық көмегі бөлімдері бар тәулігіне 240 адамды қабылдай алатын кеңес беру-диагностикалық емханасы ғимаратын қамтиды.

Күндізгі стационардан бөлек пациенттердің қолайлылығы щүшін медициналық орталықта дәріхана, асхана мен теңдессіз сәулелі диагностикалық кабинет жасалған. УЗИ кабинеті кардиологикалық, урологиялық, онкологиялық, гинекологиялық және өзге де сырқаттар бойынша тексеріле алады. Эндоскопия кабинеті галогендік сәуле көзімен көпфункциялды гастродуоденофиброскопқа ие. Сонымен қатар орталықта балалар бөлімі де жұмыс істейді.

Пациенттердің денсаулығына мұнда 135 адамнан тұратын білікті дәрігерлер қарайды. Жылына 30 000 адамға медициналық көмек көрсетіледі деп жоспарланған.




Яндекс.Метрика