Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі жандар көбіне өз ортасында жұмыспен қамтылған – О.Демушкан

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың көбісі өз орталарында жұмыспен қамтылған, деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған бос жұмыс орны жәрмеңкесінде Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Ольга Демушкан.
Астана қаласы27 Наурыз , 13:00

«Соңғы статистикалық мәліметтерге сай, мүмкіндігі шектеулі жандардың көбісі өз орталарында, үкіметтік емес ұйымдарда, сонымен қатар ПИК мен қызмет көрсету салаларында еңбек етеді», - дейді Ольга Демушкан.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің кезекті Жолдауынан кейін қазақстандық жұмыс берушілер қызу іске кірісті, олар қазірде мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша көбірек жұмысқа алу жағын қарастыруда.

Бүгінгі жәрмеңкеде «Бәйтерек» холдингі мен оның үлескер ұйымдары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 6 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар «Қазақстанның даму банкі» АҚ менеджерлік екі жұмыс орнын ұсынып отыр. «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ да екі менеджерге мұқтаж көрінеді. Негізгі бос жұмыс орындары экономика, қаржы, заң, маркетинг, менеджмент пен стратегия саласында.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика