Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астана мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өмір сүруге қолайлы қала болуы керек – «Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» партиясының елордалық бөлімшесі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасамаған қала нысандарына рейд ұйымдастырады, деп мәлімдеді бүгін мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орны жәрмеңкесі барысында қалалық бөлімше жетекшісінің бірінші орынбасары Сапар Ахметов.
Астана қаласы27 Наурыз , 12:30

«Қазір біз партия ұйымы бөлімщелерінің күшімен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасамаған қала нысандарына рейд ұйымдастырудамыз. Оған қала әкімдігі, дүкен, дәріхана мен өзге де қоғамдық орындардың қожайындарымен біріге отырып осы мәселемен айналысатын боламыз. Астана мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне барынша жайлы қала болуы керек», - дейді С.Ахметов.  

Оның айтуынша, бүгінде Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көбірек көңіл бөлінуде. Оларды мемлекеттік және жеке меншік секторларға жұмысқа орналастыруда.

«Биыл жәрмеңкеде Ұлттық медицина холдингі, Қазақстанның даму банкі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен өзге де ірі ұйымдар мүгедектерді жұмысқа алуға мүдделі екендіктерін білдірді», - дейді С.Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 14 қаңтарында алғаш рет Қазақстанда «Кедергісіз келешек» жобасы қолға алынған еді. Соның арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына барып, жұмыс мәселесі немесе өзге де күнделікті қиындықтарына араша сұрай алады.




Яндекс.Метрика