Халықаралық интеграция

ҚР Омбудсмені Еуропарламенттің депутаттарымен адам құқығын қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстанға ресми іс-сапармен келген Еуропалық Парламенттің депутаттары Элизабет Йеггле және Даниэл Ван дер Ступпен кездесті.
Астана қаласы27 Наурыз , 12:20

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың табиғи серіктестігі аясында адам құқығын қамтамасыз ету бойынша көптеген мәселелер талқыланды, деп ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл аппаратынан хабарлады.

Онда азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқығын және тұрмысы төмен тұрғындардың құқығын қорғау,  сонымен қатар, азаптауды болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдау мәселелері қозғалды.

«Құқық қорғау саласындағы еуропалық мемлекеттердің сүбелі тәжірибесі мемлекетті жедел дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәтінінде маңызы зор», -  деп А. Шәкіров атап өтті.

Еуропарламенттің депутаттары қоғамды демократизациялау және Қазақстанда құқық қорғау интитутын дамытуда оң өзгерістер көп екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша және Еуропалық Одақпен Қазақстанның серіктестіктігі кеңістігін  кеңейту жаңа келісімі аясында тараптар құқық қорғау саласындағы екі жақтың қарым-қатынасын жалғастыру керек деп өз ойларын білдірді.




Яндекс.Метрика