Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада 1800-ден астам еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жан бар – С.Ахметов

Қазіргі таңда Астанала 1800-ден астам еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жан бар, деп мәлімдеді «Нұр Отан» партиясының елордалық бөлімшесі жетекшісінің бірінші орынбасары Сапар Ахметов мүмкіндігі шектеклі жандарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесінде.
Астана қаласы27 Наурыз , 12:10

«Жалпы Астанада 18 мың мүгедек тіркелген. Соның ішінде шамамен 17 мыңы ересектер болса, 1800-і еңбекке жарамды азаматтар. Біз оларды мүмкіндігіміздің жеткенінше жұмысқа орналастырудамыз. Екінші бір мәселе, олоардың арасындағы кейбір азаматтар бұрын соңды ұжымдық қызметке араласпай, қоғаммен бьайланыста шорқақтық етеді, біз олармен бейімдеу жұмыстрын жасаймыз», - дейді С. Ахметов.

Оның пікірінше, ұжымдар ешқашан мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істемеген, олар да бейімделу керек, бұл кешенді сұрақ.

«Меніңше, мұндай, жәрмеңкелер адамдардың көзқарастарына әсер етеді, яғни әлеуметтік жағдайлар мен қоғамда болып жатқан іс әрекеттерді бағалау дәрежесі өзереді», - деді С. Ахметов.

Айта кетерлігі, 2013 жылы Астанада 297 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты.

Еске салсақ, бүгін Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, онда 100 жұмыс беруші бас қосты.

 

 

 




Яндекс.Метрика