Өңірлер

Қарағанды облысы Абай қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғаяды

Қарағанды облысы Абай қаласында құрылыс жұмыстары ұлғайтылып, 2013 жылмен салыстырғанда 107 пайызға артып, 3,5 млрд теңгеге жетеді.
Қарағанды27 Наурыз , 11:50

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, биыл Абай қаласында екі блок-секцияны қалпына келтіру жоспарланған. Бұл 4-інші ықшам аудандағы 45 пәтерлік тұрғын үй. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін облыстық бюджеттен 207 млн теңге бөлінсе, соның 35 млн теңгесіне Школьная көшесінің № 87 үйіндегі 12 пәтер қалыпқа келтіріледі.

Сонымен қатар, Топар қаласындағы Пономорев көшесінің 15-інші үйінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Аталмыш үйде 80 пәтер бар екені белгілі. Бұл үй бұрын «Қазақмыс Энерджи» ЖШС балансында тұрған болатын. Оның жалпы құны 290 млн теңгені құрайды.

Айта кету керек, Абай қаласындағы үйлердің бос тұрған 3 кіреберістегі пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 9 қабатты үйдің құрылыс жобасы қаланың бас жоспарында да қарастырылған.  

 

 




Яндекс.Метрика