Инфрақұрылымның дамуы

«Оңтүстік - Орталық» және «Шығыс - Орталық» жобалары 2020 жылға дейін аяқталады

Қазақстанның стратегиялық құжаты шеңберінде 2020 жылға дейін «Оңтүстік - Орталық» және «Шығыс - Орталық» жобалары аяқталатын болады, деп «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев мәлім етті.
Казахстан 27 Наурыз, 11:41

«Екінші жоба - «Шығыс - Орталық», ол Астана - Павлодар - Семей - Қалбатау - Өскемен бағыты. Бүгінде құрылыс жұмыстары Семей - Қалбатау учаскісі бойынша жүріп жатыр. Ал, Павлодар қаласының аумағында Ертіс өзенінен көпір арқылы өтетін жолы бар үлкен жобаның құрылысы жүруде», - деді С. Аблалиев.

Оның айтуынша, 2014 жылдың мамыр айында Астана - Павлодар учаскісіндегі жол жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжатнама жұмыстары аяқталады.

«Ал, жыл ортасына дейін барлық жол учаскісінде жұмыс істейтін мердігер компаниялар белгілі болады», - деп С. Аблалиев хабарлады.

Жалпы, Автокөлік комитеті төрағасы орынбасарының айтуынша, «Оңтүстік - Орталық» және «Шығыс - Орталық» жобалары 2020 жылға дейін аяқталатын болады.

Сонымен қатар, ол «Батыс - Орталық» жобасын тілге тиек етті. Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында бүгінде құрылыс жұмыстары Бейнеу - Ақтау учаскісінде жүргізілуде.

«Ағымдағы жылы 200 км жуық жол пайдалануға берілсе, 170 км жол бойынша мердігер компаниялар анықталып, сәуір айында құрылыс жұмыстары басталады», - деді С. Аблалиев.

Ал, «Шығыс - Орталық» жобасының учаскілері бойынша осы жылы техникалық-экономикалық негіздемені және жобалық-сметалық құжатнаманы жасақтау басталады. Сәйкесінше 2017 жылы құрылыс жұмыстары басталады. 





Яндекс.Метрика