Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Астанадағы елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесімен бірігіп мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орны жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Астана қаласы 27 Наурыз, 11:30

Шараның мақсаты жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасында тікелей байланыс құру болып табылады. Жәрмеңкеге келген әр адам қала бойынша бос жұмыс орны мен лауазым тіркелген мәліметтер банкімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар аталмыш кәсіп бойынша арнайы кәсіби дайындық шаралары да ұйымдастырылып, «Жастар практикасына» қатыса отырып ақылы қоғамдық жұмысқа да араласуға болады.

«Біз жыл бойынша 1000 мүгедектің жаңа жұмыс тауып қоғам өміріне белсенді араласып кеткенін қалаймыз. Әрбір кәсіпкерлік, әрбір ұйым мүмкіндікгі шектеулі жандар үшін арнайы жұмыс ашып, оларды жұмысқа тартулары керек», - дейді «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі жетекшісінің бірінші орынбасары Сапар Ахметов.

Оның айтуынша, шараға шамамен қаланың 100 шақты жұмыс берушісі өтініш берген. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілердің нақты саны бүгін белгілі болады. Бүгінде  жәрмеңкеде 300-дей жұмыс орны ұсынылып отыр.

«Жұмысқа қабылдау үшін алдымен жұмыс істеу шартын жақсартып, оңтайлы жағдай жасау керек. Яғни талаптар орындалып, жеңілдіктер қарастырылмақ. Еңбекақы өз алдына. Аталмыш дайындық жұмыстары ертерек жасалып қойылды. Мұнда келгендер аталмыш талаптың үддесінен шыға білгендер. Енді тағы бірқатар жұмыс берушілер аталмыш кезеңнен өткеннен кейін келетін болады», - дейді С.Ахметов.





Яндекс.Метрика