Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Жылдың басынан бастап Бірыңғай байланыс-орталығына 700 мыңнан астам қоңырау шалынды

Еске салсақ Бірыңғай-байланыс-орталығы «Ақпаратты-Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бірыңғай байланыс-орталығына 700 мың өтініш келіп түскен.
Казахстан27 Наурыз , 11:20

1414 Бірыңғай байланыс-орталығының операторларымен қаңтар мен ақпан айларында 230 бен 270 мыңнан астам тиісінше, ал наурыз айының басынан бері 222 мың жуық қоңыраулар қабылданды, деп «Ұлттық ақпараттық орталық» АҚ-да  хабарлады.

Бұл ретте консультациялық қолдау 535 мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетіледі. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер бар.

Зейнетақы аударымдары туралы консультацияларды беру жөніндегі жұмысқа көп назар аударылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қызметтері бойынша сұрақтарға 10 оператордан тұратын арнайы ұйымдастырылған топ жауап береді.

Қазіргі уақытта олар атап айтқанда, зейнетақы шартын жасасу, жеке зейнетақы есеп шотын ашу, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алу, зейнетақы жинақтарын алу, сондай-ақ міндетті, еркін және кәсіби салымдар мәселелері бойынша консультация көрсетеді.

Ақпанда ҚР Статистика агенттігінің «Ресми статистикалық ақпаратты таратудың кестесімен ескерілмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» қызметі қосылды.

Еске салсақ, Бірыңғай-байланыс-орталығы «Ақпаратты-Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. 1414 нөмірі бойынша консультация тәулік бойы жүзеге асырылады, ал қоңыраулар Қазақстан барлық өңірлері үшін мобильдік және қалалық телефондар бойынша тегін.




Яндекс.Метрика