Білім беру

Жамбыл облысының оқушылары жаратылыстану -математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үздіктері атанды

Өскеменде мектеп оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер циклі бойынша республикалық олимпиада өтті.
Жамбыл27 Наурыз , 11:00

Жамбыл облысының оқушылары осымен үшінші рет командалық есепте 1 орынды иеленіп, «Үздік команда» номинациясы бойынша ешкімді шақ келтірмеді. Жалпы, Жамбыл облысынан келген 47 оқушының 29 жүлделі орындарды иеленді. Осылайша облыстың қоржыны 11 алтын, 7 күміс және 11 қола медальмен толықты.

Атап айтатын болсақ, Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты 6-шы жыл қатарынан «Республиканың үздік олимпиадалық мектебі» атағын ешкімге бермей келеді. Мектеп-интернатта білім алушылар  24 медальға қол жеткізді (10 алтын, 5 күміс, 9 қола). Ал, облыстың «Дарын» мектеп интернатының оқушылары 3 медальді қанжығасына байласа (1 күміс, 2 қола), Тараз қаласының №1 мектеп гимназиясының білім алушылары 2 медальді місе тұтты (1 алтын, 1 қола), деп Жамбыл обласының әкімдігінен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, жамбылдық оқушылар осы жылдың ақпан айында Алматыда жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстарда командалық есепте бірінші орынды иеленді.

 

 




Яндекс.Метрика