Халықаралық интеграция

Қазатомпром ОАР-да өнімін таныстырады

Басқарма төрағасының кеңесшісі, KazPV жобасының жетекшісі Азат Бетекбаев бастаған «Қазатомпром» ҰАК» АҚ делегациясы бүгін ОАР-ның Дурбан қаласында ашылған Africa Photovoltaic Solar Energy Conference and Exhibition 2014 (AfricaPVSEC) күн энергиясы мәселесі бойынша көрме мен халықаралық конференциясының жұмысына қатысады.
Әлемде27 Наурыз , 10:40

Ұлттық компанияның хабарлауынша, AfricaPVSEC конференциясында жаңартылмалы қуат көздерін өндіруші әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы мамандар фотоэлектрикалық, жылу күн жүйесі, өндіріс, тарату, энергияны сақтау мен үнемдеу, зерттеу мен жаңа жұмыстарды дайындау мәселесін талқылайды.

AfricaPVSEC-тің басты оқиғасы Еуропа комиссия бірлемкен зерттеу орталығының Энергетика және транспорт институты директоры Джованни де Сантидің төрағалығымен өтетін дөғгелек үстел болмақ. «Қазатомпром» ҰАК» АҚ алғаш рет аталмыш шараға шақырту алып отыр. Мұнда осы салада саясат пен үрдісті құрып отырған «күн» индустриясының 20 көшбасшысының басын бір араға жиналады.

Сонымен қатар AfricaPVSEC аясында көрме өтеді. Көрмеде танымал әлемдік брендтермен «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ның KazPV жобасы көрсетіледі. Атап айтар болсақ, экспозициядан Қазақстанда кварц өндіруден бастап күн модульдерін өндіру жұмыстарына дейінгі процестермен танысуға болады.

KazPV мамандары AfricaPVSEC-те отандық жұмыстардың артықшылықтарын таныстыра отырып қазақстандық индустрия жайлы хабар бермек.

Айта кету керек, AfricaPVSEC –EU PVSEC пен SNEC-тің фотоыольттік қуат саласындағы тәжірибе алмасу мен ілгерілету бойынша әріптестік жаңаша бастамасы. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы сарапшылардың, зерттеушілер мен мемлекеттік құрылым, халықаралық ұйымдар, демеушілер және үкіметтік емес ұйымдардың кездесуі 3 күн бойы өткізіледі.  




Яндекс.Метрика