Өңірлер

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2013 жылы Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін 4,5 млрд.теңгеге қаржыландырды

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың көлемі 2013 жылы 4,5 млрд.теңгені құрады. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артық. Сонымен қатар облыстың барлық 10 ауылдық аудандары несиелеу бағдарламаларымен қамтылған.
Қызылорда27 Наурыз , 10:20

Бүгінгі күні «ҚазАгро» Холдингінің инвестициялық қоржыны жалпы республика бойынша 254,8 млрд.теңге сомасына 373 жобаларды құрайды, оның Қызылорда облысында 6,04 млрд.теңгеге 8 жоба келеді.

Оның ішінде, 2 526,4 млн. теңге сомасына күрішті қайта өңдеу бойынша 3 жоба («Сыр Маржаны» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС), өндірістік қуаттылығы 84 мың тонна тегістелген күріш;2396,6 млн.теңге сомасына 660 басқа ( «РЗА» АҚ) сүт-тауарлы ферма құрылысы бойынша 1 жоба, өндірістік қуаттылығы жылына 3 960 тонна сүт;752,1 млн.теңге сомасына 5,5 га жерге («Жан» ШҚ, «Көк Төбе Қызылорда» ӨК) шағын жылыжайлар құрылысы бойынша 2 жоба, өндірістік қуаттылығы жылына 972 тонна көкөніс шығару;369,5 млн.теңге сомасына бордақылау алаңы құрылысы бойынша («Ақ Барс» ЖК, «Сыр Маржаны» ЖШС) 2 жоба, жылына 375 тонна ет өндіреді, деп холдингте хабарлады.

8 жобаның 3 пайдалануға берілген / «Сыр Маржаны ЖШС 2013 жылы жобалық қуаттылығы шығуы 91%, «РЗА» АҚ - 130%, «Жан» ШҚ - 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген/, 2014-2015 жылдары бордақылау алаңдарын («Ақ Барс» ЖК, «Сыр Маржаны» ЖШС) кеңейту бойынша жобалар, күрішті қайта өңдеу бойынша жүйені иелену («Жан-Арай» ЖШС, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС), және шағын жылыжайлар құрылысы («Көк Төбе Қызылорда» ӨК) бойынша жобалардың енгізілуі жоспарлануда.

Орта және шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аясында Қызылорда облысында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 939 млн.теңгеге 8 Несие серіктестері (184 қатысушы) қаржыландырылған. 135 бірлік ауыл шаруашылық - арнайы техника мен жабдықтар сатып алында: 110 бірлік ауыл шаруашылық техникасы, 25 бірлік арнайы техника (1,4 млрд. теңге). «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды қолдау бағдарламасы аясында  холдинг қаржыландыруымен 478 млн.теңгеге 2694 аналық бас мал, 146 бұқалар сатып алынды. Шағын несиелендіру бағдарламалары бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2,1 млрд.теңгеге 584 шағын несиелер берілді («Сыбаға» бағдарламасынан басқа).

Жалпы Холдингтің жиынтық несиелік қоржыны өткен жылы 348 млрд.теңгені немесе АӨК несиелендірудің жалпы көлемінің 48%-н құрады. Бұл аграрлық саланы барлық екінші деңгейлі банктерінің несиелендіру көлемімен салыстырмалы көрсеткіш.

Өткен жылы Холдинг тарапынан республиканың АӨК саласын қолдуға 193,5 млрд.теңге бағытталды, соның ішінде несиелендіруге - 171,2 млрд.теңге. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 26,4%-ға көп (135,4 млрд. теңге).

Сонымен бірге Холдинг қаржыландыруының құрылымында республикалық бюджеттің шығыны 9% ғана, ал қалғандары - жеке және тартылған қаржы.

2013 жылы орта және шағын бизнесті несиелендіруге 145 млрд.теңге бағытталған болатын - бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық көрсеткіш (135,4 млрд. теңге). Көлемдерің өсуі ОШБ субъектілеріне берілген несиелердің саны 2 есе артуына байланысты.

Лизингтік қызметтер нарығындағы «ҚазАгро» құрамындағы - «ҚазАгроҚаржы» компаниясының үлесі - 65%-ды, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - 93%-ды құрайды.

 

 




Яндекс.Метрика