G-global

Сарапшылар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарын талқылады

G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты тақырыпта онлайн-конференция өткізілді.
Әлемде27 Наурыз , 10:00

Конференция модераторы ретінде Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі коммитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Онлайн-конференция барысында БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) жобасын талқылауға халықаралық және қазақстандық  сарапшылар қатысты, деп «Еуразиялық ғалымдардың экономикалық клубы» Қауымдастығында хабарлады.  

Демократиялық  ұстанымдарға негізделген Жоспар қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді  жолдарын табуға, соонымен қатар болашақ құлдыраулардың алдын алуға, ұзақ мерзімді теңгерімделген экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі күні G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңы БҰҰ Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспарының Жобасы үшін дағдарысқа қарсы ұсыныстарды өңдейтін нақты құралға айналды, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскери және ғылыми орталардың өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері 13 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер, сондай-ақ, Жоспар жобасын тиімді қалыптастыру үшін 300 бейне-конференция өткізді. 2014 жылдың 19 наурыз күні өткізілген онлайн-конференция Жоспар жобасын талқылаудың маңызды іс-шараларының бірі болып табылды.

Әлемдік сарапшылар қоғамдастығының белсенді көмек көрсетуінің арқасында 2014 жылдың 19 наурыз күні Жоспардың алғашқы жобасының және әлемдік сарапшылар қоғамдастығының пікірсайсының негізінде  ақпараттық-коммуникативтік платформада Жоспардың шоғырландырылған жобасы әзірленді. Бұл жетекші сарапшылардың тиімді және жаһандық үйлестірілген саясат пен әлемдік қаржы-экономикалық архитектураны реформалауға бағытталған үйлесімді, біріккен  жұмыстарының нәтижесі болды.

G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында онлайн режімде Жоспардың жобасын әзіреудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Оған күн сайын халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың өкілдері, сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкілдері, беделді саясаткерлер, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Жобаны қалыптастыруға үлкен үлес қосқандардың бірі Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің жетекшісі Марк Узан болып табыла.

БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен (A/RES/68/201 «Халықаралық қаржы жүйесі және даму 20.12.2013 ж. бастап» қарары) өткізілетін ІІ Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы Конференция (БДК) қорытындысы бойынша қабылдау жоспарлануда.




Яндекс.Метрика