Ұлттың денсаулығы

С. Қайырбекова : «Саламатты Қазақстан» жұмыс істегелі ЖҚТ ауруларынан болатын өлім-жітім 2 есеге азайды

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласындағы Кардиологиялық орталыққа ат басын тіреді.
Солтүстік Қазақстан26 Наурыз , 19:16

Орталықтың медициналық қызметкерлерімен және науқастармен болған әңгіме барысында министр, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің екі есеге дерлік қысқарғанын басаатап көрсетті. Көрсеткіштің төмендеу динамикасын ескерсек (2001 жылдан бері), бұл көрсеткіш бүгінде Еуроодақ елдерімен шамалас және 2020 жылға дейін болжамдық көрсеткішке жақындап қалады.

Осылайша Қазақстан ашық жүрекке бірегей, жоғары технологиялық операциялар жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына кіріп отыр.

Айта кету керек, бүгін сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арасында Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің нысанды көрсеткіштеріне және түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған 2014 – 2016 жылдарға арналған меморандумға қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика