Ұлттың денсаулығы

С. Қайырбекова: Сапалы медициналық көмек медициналық кадрлардың кәсіби біліктілігімен сипатталады

ҚР Денсаулық сақтау министрі С. З. Қайырбекованың Елбасының: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында аумақтағы медициналық жұртшылықпен кездесті.
Солтүстік Қазақстан26 Наурыз , 19:06

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, ліміздегі дәрігерлердің алдына нақты, айқын мақсаттар қойылған. Атап өткеніміздей, Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту болып табылады.  2050 жылға қарай Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы  80 немесе одан да жоғары жасқа дейін жету керек.  Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауы барлық медициналық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қағидасы болып табылады.

Салидат Қайырбекова медициналдық мамандардың жоғары біліктілігі ең алдымен, сапалы медициналық көмек болып табылатынын айтты.

Министр Мемлекет басшысының кадр жетіспеушілігі туралы тапсырмасының орындалатынына сенімін білдірді.

Болашақ дәрігерлерді  даярлаудың сапасы тәжірибелік сағаттардың көбеюі арқылы жақсара түседі.  Студенттер үшін клиникалардың заманауи құрылғыларымен жұмыс істеп үйренуіне  мүмкіндік туды. Медициналық ЖОО мен денсаулық сақтау басқармалары арасында келісім-шарттарға, тиісті Меморандумдарға  қол қойылды.  Осы орайда, жергілікті атқарушы органдар, Денсаулық сақтау министрлігі жіберген жас дәрігерлерге өз тараптарынан жағдай жасауы тиіс екенін Министр тағы да атап өтті.

 Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан қайта келген мамандарға 121  мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі үстемақы беру,  тұрғын үй жалдау мен пәтер беру сынды әлеуметтік қолдау көрсетіп отырады.

                                                                       

 

 




Яндекс.Метрика