Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары бірқатар аймақта ашылады

Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары бірқатар аймақта ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков мәлімдеді.
Казахстан26 Наурыз , 18:15

«Келер күні  біз Қазақстан халқы  Ассамблеясының  кафедрасы Көкшетауда ашылады, содан соң Қостанайда және осы Астанада Аграрлық университетте  ашылады. Яғни, біз бұл жерде қызықты кафедралар ашатын боламыз, алайда, Еуразия Ұлттық  университеті  тұңғыш кафедралардың бірі ретінде методологиялық орталық  ретінде болады», - деді ол.

Оның айтуынша, ҚХА кафедрасы зерттеу және сараптамалық-аналитикалық қызметін атқаратын болады.

Айта кетейік, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і 2013 жылдың 28 маусымында Қазақстиан халқы Ассамблеясының кафедрасын ашты.

 

 

 




Яндекс.Метрика