Білім беру

Білім және ғылым министрі Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар білім ошақтарын аралады

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар білім ошақтарын аралады.
Солтүстік Қазақстан26 Наурыз , 17:50

БҒМ хабарлауынша, бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған ҚР Үкіметі мүшелері Есіл және Қызылжар ауданының бірқатар әлеуметтік ныснадарының жұмысымен танысты.  

ҚР Бас ұстазы А.Сәрінжіпов Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіби-педагогикалық колледжі мен есту қабілеттері нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатты аралады.

Министрдің айтуынша, педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру мәселесі көптеген еңбекті қажет етеді.

Оның айтуынша, маман тапшылығы – бұл жүйеде кадрлардың жетіспеушілігі ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жас, ұшқыр, білікті және білімді мамандардың аздығы да.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова өңір басшыларына мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны мен ондағы бос орындары мәселесін шешіп, сонымен қатар аудандық деңгейде де осы шараларды қолға алу керектігін айтты.

 




Яндекс.Метрика