G-global

G-Global ақпараттық-коммуникативті алаңында сарапшылар саяси және экономикалық өмірдегі әйелдердің көшбасшылығын талқылайды

2014 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-де G-Global ақпараттық-коммуникативті алаңында «Саяси және экономикалық өмірдегі әйелдердің көшбасшылығы» тақырыбында видео-конференция өтеді.
Астана қаласы26 Наурыз , 17:30

Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының хабарлауынша, конференцияға «Бірыңғай Грузия – Демократиялық қозғалысы» партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе; Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка, Шотландияның Корольдік банкі өңірлерінің халықаралық банктік қызметі мен қаржы нарығы бөлімшесінің басшысы Алисан Роуз, Украинадағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Галина Маслюк, «Yoga journal» журналының бас редакторы Эллен Фербеек, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сарсембаевалар қатысады.

Видео-конференцияның қорытындысы бойынша, VII Астана Экономикалық форумы аясындағы 2014 жылдың 22 мамырында өтетін Халықаралық әйелдер форумының ұсынысы жобасы дайындалады.




Яндекс.Метрика