Басқару

Сенат комитетінде елдің қаржылық құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасның Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды.
Астана қаласы26 Наурыз , 17:10

 Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы теңге курсының түзетілуіне байланысты дайындалған. 2010 жылдың 2 суіріндегі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қарадатын құру мен жұмсау тұжырымдамасы туралы» Қаулысына сай, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 8 млрд АҚШ доллары деңгейінде түзетілді.

 2014 жылы қабылданған теңге курсының долларға шаққандағы көлемінің 185 теңгеге дейін артуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт көлімен 100 млрд теңгеге көбейтіп, 1 180 млрд теңгені құрады.

 Сонымен қатар отырыста депутаттар «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет  туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

 Заң жобасы 2014 жылға Ұлттық қордан керілдендірілген трансферт көлемі мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамының түзетілуімен байланысты дайындалды.

 Заң жобасы Мемлекет басшысының биылғы жылдағы 17 қаңтардағы Жолдауы мен 2014 жылдың 14 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.  

 2014 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамының өзгеруіне сай, ағымдағы жылдың республикалық бюджетіне түзетулер енгізілді.

 2014 жылғы республикалық бюджетке түсетін қаржының болжамды көлемі 5 773,7 млрд теңгеден 6 206,1 млрд тенгеге артты.

 Кіріс жоспары (трансферт түсімін ескермегенде) 331,7 млрд тенгеге артып, 4 361,2 млрд теңгені құрады. Ал салыстық түсім 335,4 млрд тенгеге артты. Салықтық емес түсім теңге курсының өзгеруіне орай 4,8 млрд тенгеге көбейді.




Яндекс.Метрика