Халықаралық интеграция

Мысырда Наурыз меркесі тойланды

Көктемгі Наурыз мерекесіне орай Каирде Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елшіліктерімен бірлесіп Мысыр Араб Республикасындағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Астана қаласы26 Наурыз , 16:40

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Мысырда Наурыз үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл жылы мерекені атап өтуге 1000-нан аса адам, солардың ішінде Мысыр мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды тұлғалары, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлер, Мысырда тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшылары мен қызметкерлері, іскер топ және БАҚ өкілдері жиналды.

Салтанатты шараны сәлемдесу сөздерімен жоғарыда аталған елдердің елшілері ашты. Өзінің құттықтау сөзінде еліміздің Мысырдағы ҚР Елшісі Берік Арын Қазақстанның көпұлтты халқының барлығы тойлайтын бұл көктемгі мереке еліміздегі татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты нығайтуға, қызмет ететінін атап өтіп, Наурыз мейрамының тойлану дәстүрі мен тарихы туралы айтып берді. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттің қарқынды экономикалық дамуына негіз болады.

ҚР Елшілігі мереке өткен аумаққа киіз үй тігіп, дәстүрлі қолөнер бұйымдары мен кәдесыйлар көрмесін ұйымдастырды және ыдыс-аяқ пен ұлттық киім үлгілері көрсетілді. Бағдарламаның концерттік бөлігінде мысырлық жоғарғы оқу орындарда білім алушы қазақстандық студенттерден құралған жастар тобы домбырамен қазақтың күйлері мен «Қара жорға» биін орындады. Қонақтарға халқымыздың ұлттық тағамдары, соның ішінде «наурыз көже» ұсынылып, Қазақстан халқының мәдениеті мен тұрмысы жөнінде жазылған буклеттер мен басқа да баспасөз өнімдері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық бастамалары туралы жазылған брошюралар, қазақ авторларының әдеби кітаптары таратылды.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика