Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясына 1,5 мыңдай адам қатысады

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы биылғы жылдың 18 сәуірінде Тәуелсіздік сарайында өтеді. Оған шамамен 1,5 мыңдай адам қатысады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы секторының меңгерушісі Назипа Шанаи.
Астана қаласы26 Наурыз , 16:15

«Сессия Тәуелсіздік сарайында өтеді деп жоспарлануда. Шақырылғандардың саны 1500 адам. Атап айтар болсақ олар Ассамблеяның өңірлердегі мүшелері мен төрағалары, депутаттық корпус өкілдері, БАҚ, соның ішінде халықарадық ақпарат көздері, үкіметтік емес ұйымдар мен шығармашылық интеллегенция», - дейді Н.Шанаи.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХА-ның XXI сессиясы 2014 жылдың 18 сәуірінде Астанада Мемлекет басшысының бұйрығымен өтеді.




Яндекс.Метрика