Ұлтаралық бірлік

Біздің бірлігіміз бен келісіміміздің негізі- қазақстандық патриотизм -О.Андриевская

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық этномәдени бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана қаласындағы «Злата» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы біздің бірлігіміз бен келісіміміздің негізі қазақстандық патриотизм екенін айтты.
Астана қаласы26 Наурыз , 16:08

«Біздің бірлігіміз бен келісіміміздің негізі қазақстандық патриотизмболып табылады. Дәл осы құндылық өткен онжылдық ішінде қазақстандық менталитетті қалыптастырып, жоғарғы деңгейдегі адамгершілік құндылықтардың тұрмысымызға енуіне алғышарт болды, өзге ұлт пен мәдениет өкілдеріне деген қоғамымызда сыйластық пен құрмет, толеранттылық пен төзімділік қалыптасты. Бұндай қасиеттердің қандай бір мемлекетте салтанат құруы тегіннен тегін бола салатын құбылыс емес. Оның негізінде біздің ортақ тарихымыз бен тағдырымыз, әр ұлт пен ұлыстың өзіндік әдеті мен ғұрпы үлес қосты», - дейді О.Андриевская.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5 мыңдай болгар бар. Соның ішінде олар Ақтөбе мен Павлодар облыстарында көптеп қоныстанған.

«Екі бірдей болгар ұлттық мектебі бар. Ондағы шәкірттер қазақ тілін меңгеріп, ортақ мерекелерді тойлайды. Сонымен қатар салт пен дәстүрді де алып жүреді. Бүгінде ұлттық мәдениеттер белсенді түрде араласып келеді. Осылайша арада түсіністік пен бауырластық пайда болмақ», - дейдіО.Андриевская.

О.Андриевскаяның пікірінше, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі сонда, ол азаматтардың бойындағы перзенттік және азаматтық парыз бен Отанға деген ортақ махаббатты түйістіре білді.




Яндекс.Метрика