Ұлтаралық бірлік

ҚХА сессиясы Қазақстандағы рухани мәселелерді талқылайды - А.Башмаков

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясында елдегi рухани мәселелер талқыланады. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Сенат депутаты Анатолий Башмаков мәлiмдедi.
Астана қаласы 26 Наурыз, 15:58

 «18 сәуiрде өтетiн Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектi сессиясында елдегi рухани және мәдени мәселелер де талқыланады. Жалпы, соңғы кездері бiз ҚХА жұмысының құрылымын ғана емес, мазмұнын өзгерту бойынша үлкен жұмыстар жүргiздiк. Бiрiншiден, мен Астанада өткен журналистер форумына қатыстым. Оған әлемнiң 15 елiнен келген этносаясат саласында жұмыс iстейтiн БАҚ өкiлдерi шақырылды. Осы тақырыпты қозғайтын, осы мәселе бойынша жазатын журналистiң ерекше қабiлетi бар және оның iшкi дүниесi толерантты болуы керек деп ойлаймын», - дедi А.Башмаков. 

Оның айтуынша, кез келген саяси дағдарыс аясында әлемде діни көзқарас пен мәдени тақырыптар проблемалары туындайды. Ал ҚХА сессиясы аталмыш саладағы сұрақтарды талқылайды.

«Осыған дейін Қазақстан мұндай сұранысқа ие болмаған. Ол ұлттық бірлік пен ұлттық қарым-қатынастың айнымас үлгісі. Меніңше, ҚХА сессиясы елдеги мәдени және діни тақырыптарды қозғайды. Соңғы жылдары ҚХА көптеген қызмет жасады, ол тек құрылым ғана емес, ҚХА қызметінің жұмысын да қарастырады», - деді А. Башмаков.

Айта кетейік, ҚХА-ның XXI сессиясы ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Мемлекет басшысының қатысуымен Астанада өтеді.





Яндекс.Метрика