Білім беру

2014 жылы Қызылорда облысында кәсіби техникалық лицейдің құрылысы басталады

Аймақта 2014 жылы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-мен бірігіп кәсіби техникалық лицейдің құрылысы басталады.
Қызылорда26 Наурыз , 13:57

Жер қойнауын пайдаланушылардың кеңейтілген жиында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіби-техникалық білім беру мәселесін көтерді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-мен бірлесе отырып, осы жылы тау кен және мұнай газ өнеркәсібі саласында кәсіби техникалық лицей құрылысын салу басталады. Артықшылығы, мұнда тек қана білім беріп қоймай, оны тәжірибемен ұштастыру дағдыларын да қалыптастырылады.

«Барлық компаниялар оқу жоспарлары мен әдістемелерін жасақтауға қатысып, жетекші шетелдік оқытушыларды тартуға атсалыса алады. Бұл лицей түлектері сіздердің талаптарыңызға сәйкес болуы үшін қажет деп санаймын», - деді облыс әкімі.

 

 

 




Яндекс.Метрика