Өңірлер

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқытады

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы бастауыш кәсіпкерлерді оқыту мен дайындау шараларын ұйымдастырады.
Ақтөбе26 Наурыз , 12:50

Оқу курстары жаңадан өз кәсібін ашып, оны дөңгелетіп алып кетуге ниетті азаматтарға арналған, дейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Біркүндік курс тыңдаушылары кәсіпкерікпен айналысқысы келетін кез келген азамат бола алады. Сонымен қатар жоғары білімі мен осы салада еңбек өтілі де сұралмайды. Кәсіпкерлік курстары барынша молынан білім алып, оны тәжірибемен ұштастыруына, сонымен қатар ұйымдастыру мен дамыту шараларын үйретеді», - дейді ӨКП сарапшысы Бауыржан Дарқұлов.

Айта кету керек, ӨКП бухгатерлік және салықтық есеп, заңды тұлғаларды тіркеу мен есептен шығару, банктік қызметтер мен кедендік рәсімдеу бойынша курс өткізуді жоспарлап отыр.

 




Яндекс.Метрика