Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

СҚО ауруханасы медициналық құралдары лизингке алу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұр (ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы медициналық құрал-жабдықтарды лизингке алу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұр.
Солтүстік Қазақстан 23 Желтоксан, 00:00

«Биылғы жылы облыстық аурухана 275 млн теңгеге лизингке медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға кредиттер алған. «ҚазМедТех» АҚ басқармасы шешімімен СҚО ауруханасы лизингке медициналық жабдықтар алудан үздік деп танылды», дейді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дина Әшімова.

«Соңғы алған құрылғымыз бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарға арналған гемодиализ аппараты. Қазір 38 адамға көмек көрсетілуде», деді ол.

Германияның Innova фирмасы жасап шығарған бұл аппараттың құны 5,5 млн теңге. Жалпы биылғы жылы облыстық ауруханаға 275 млн теңгенің 16 жаңа медициналық құрал-жабдықтары алыныпты. Оның ішінде УДЗ аппараты, экдоскопиялық құрал мен ота жасау кезінде қолданылатын жабдықтар бар.

Бас дәрігер орынбасарының айтуына қарағанда, медициналық мекеме келесі жылы да бірқатар құралдар алуды жоспарлапр отыр. 





Яндекс.Метрика