Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2015 жылы Қазақстанда жаппай электронды билет технологиясы енгізіледі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ

2015 жылы Қазақстанда жаппай электронды билет технологиясы енгізіледі, дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпаратты технологиялар дирекциясының директоры Сергей Никитенко жобаның тұсаукесер баспасөз конференциясында.
Казахстан26 Наурыз , 12:30

«2015 жылы біз электронды билет технологиясын барлық қазақстандықтардың игілігіне ұсынбақпыз. Осы орайда дәстүрлі билет сату үлгісін де халықтың қызметіне ұсына бермекпіз. Айта кетерлігі, бұл әдіс жасанды билеттер дайындаудың алдын алады», - дейді С. Никитенко.

Оның айтуынша, аталмыш электронды форма жолаушының сайттан алатын бланкасына қарағанда заңнамаға сай және компанияның талаптарына сай толықтай электронды билетті ұсынады.

«Осы сынды әуе саласының жолаушылары жол жүру уақытында билеттерін көрсетулері міндеттелетінін өздеріңіз де білесіздер», - дейді.

Компанияның хабарлауынша, компьютер арқылы билет ала отырып, жолаушы кассирге жүгінуге міндетті емес. Тікелей өз вагонына орналаса береді. Ал тіркеу кезінде жолсерік билетті мобильді терминал арқылы билетті тіркейді.

Сату процесін автоматтандыра отырып адам факторына тәуелді кешігулерге жол берілмей, жолаушылық шаруашылыққа айтарлықтай қаржылық тиімділік туындайды.

Қызмет үй және кеңсе жағдайындағы компьютерлерден, сонымен қатар телефон арқылы ғаламтордан ұсынылады.

Айта кету керек, қазігі таңда жоба төрт бағыт бойынша іске асырылуда: Алматы-Астана бағытының 01 және 02 поезы, Орал-Астананың 57 және 58 бағыты, Атырау-Алматының 77 және 78 бағыты мен Ақтөбе-Астананың 87 және 88 бағыты.




Яндекс.Метрика