Евразиялық экономикалық кеңістік

АЭФ аясында Астанада «Антиконтрафакт» форумы өтеді

2014 жылғы 21 мамырда VII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Антиконтрафакт» форумы өткізіледі.
Астана қаласы26 Наурыз , 12:27

«Антиконтрафакт» форумы, бұл – контрафактілі өніммен күрес, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласында билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы сұхбат құруына арналған халықаралық алаң. Форумның басты тақырыптары контрафактілі, бұрмаланған және сапасыз өнімдер айналымына қарсы әрекет және т.б. сұрақтар төңірегінде болады, « Еуразиялық ғалымдар  экономикалық клубы» Қауымдастығында хабарлады.

«Антиконтрафакт» Форумының аясында бес сессия өткізілетін болады. Бірінші сессия Кеден одағы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды үйлестіру мәселелеріне арналады. Екінші сессияда тағамдық, фармацевтикалық қауіпсіздік және балалар тауарларының қауіпсіздігі жайлы форумның екінші сессиясында қарастырылады. Келеңсіз құбылыстардың бірі – пираттық, бүгінгі күні музыкалық аудио және бейнеөнімдерде кеңінен таралып отыр.

Бұл тақырыпта «Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету» атты үшінші сессияда талқыланатын болады. Кеден одағына мүше мемлекеттердің БЭК аумағында контрафактілі және жалған өнімнің өндірілуі мен таратылуына қарсы іс-әрекет бойынша өзара іс-қимылының стратегиясын жасап шығу қажеттілігі жөнінде төртінші сессияда айтылады.

Сонымен қатар, арнайы мамандар форум барысында зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету – жосықсыз бәсекеден қорғау сұрақтарын талқылайды.

«Антиконтрафакт» Форумының спикерлері мен қатысушылары: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы Үкіметтерінің; Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ); Еуразиялық Экономикалық комиссияның (ЕЭК); Дүниежүзілік кеден ұйымының (WCO); Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының; Интерполдың; Халықаралық тауар таңбалары қауымдастығының (INTA); Халықаралық фонограммалар өндірушілері федерациясының (IFPI); Африкалық зияткерлік меншік ұйымының, ТМД елдері мен алыс шетелдердің мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, құқық иеленушілердің, ЖОО-лардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика