Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР ЕХӘҚМ басшысы СҚО-да әлеуметтік салада өткізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова солтүстікқазақстандықтарға Мемлекет басшысының Жолдауы мен 2014 жылдың 14 ақпанындағы Үкімет отырысында қойылған тапсырмалар,яғни әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемін өсіру туралы баяндады.
Солтүстік Қазақстан26 Наурыз , 11:50

ҚР ЕХӘҚМ хабарлағандай, ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауын түсіндуру ақпараттық-насихаттық топ құрамында Солтүстік Қазақстан облысына барды. Топ құрамында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен  Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бар.

Сапар бағдарламасында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау, аудан әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік орталық пен жеке меншік  жұмыспен қамту агенттіктерінің  өткізген семинарларына қатысып, жергілікті жұртшылықпен кездесу бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Т.Дүйсеновамен мүгедектердің үкіметтік емес жұмыс ұйымы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктері жетекшілерімен кездесуден басталды. Кездесу Петропавл қаласындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесі ғимаратында өтті. Бәрінен бұрын әлеуметтік ведомство басшысы шараға қатысушыларға ҚР Президентінің 2014 жылғы Жолдауы мен 2014 жылдың 14 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі туралы тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау барысында министр мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен араласу жағдайына тоқталды.

Сонымен қатар, Т.Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары мен бағдарлама арқылы қолға алынған мемлекеттік бастамалардың кешенді шарасы туралы мәлімет берді.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика