Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ елдің 5 қаласында электронды билет жобасын енгізеді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ елдің 5 қаласында электронды билет жобасын енгізеді, деп мәлімдеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпаратты технологиялар дирекциясының директоры Сергей Никитенко жобаның тұсаукесер баспасөз конференциясында.
Казахстан 26 Наурыз, 11:35

«Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ фискалды электронды билет жобасын енгізудің қанатқақты нұсқасын шығарып отыр. Аталмыш билет салықтық заңнама тарапынан танылып, оның мойындалуы үшін белгілі бір процедуралар өткізілді. Мұның басты артықшылығы – барлық таспа электронды базада сақталып, қағаз билеттің жоғалып алған жағдайында жолаушыға ешқандай шығын келмейді», - дейді С.Никитенко.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қанатқақты жоба Қазақстанның Алматы, Астанаға Ақтөбе, Орал мен Атырау қалаларында қолға алынбақ.

Қазігі таңда жоба төрт бағыт бойынша іске асырылуда: Алматы-Астана бағытының 01 және 02 поезы, Орал-Астананың 57 және 58 бағыты, Атырау-Алматының 77 және 78 бағыты мен Ақтөбе-Астананың 87 және 88 бағыты.

Компанияның хабарлауынша, компьютер арқылы билет ала отырып, жолаушы кассирге жүгінуге міндетті емес. Тікелей өз вагонына орналаса береді. Ал тіркеу кезінде жолсерік билетті мобильді терминал арқылы билетті тіркейді.

Ғаламтор арқылы темір жол билетін алу технологиясы Қазақстанда әлемдік тәжірибені ескере отырып қолға алынды. Билет қашықтықтан да алына береді. Ал қағаз нұсқасы принтер арқылы шығарылады. Ал жолаушының вагонға орналасуы электронды терминал көмегімен атқарылады.

«Осы орайда, біз дәстүрлі билет сату үлгісін де халықтың қызметіне ұсына бермекпіз. Алайда кассалар сатудың жаңа формасына көшіріледі. Бұл термолента деп аталады, оның ерекшелігі, жолаушы билетін жоғалтқан жағдайда қосымша ақы төлеуге міндеттелмейді. 2015 жылы аталмыш технологияны республикамыздың барлық жерінде орнатпақпыз», - дейді С.Никитенко.





Яндекс.Метрика