Өңірлер

Қарағандыда қазақстандық блогерлердің «Блогқұрылтай-2014» форумы өтті

IV «Блогқұрылтай-2014» жұмысына 100 блогер қатысты.
Қарағанды26 Наурыз , 10:45

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, қазақ блогшылары құрылтайының басты мақсаты – Қазақ елінің интернеттегі имиджін қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны әлемтор арқылы жүзеге асыру, қазақ тілді интернетті дамыту, ана тілді сайттардың санын көбейтуге ықпал ету және интернет-жоба ұсынушы жастарға қолдау көрсету болып табылады. 

 «Бүгінгі заман – ақпараттың заманы, жаһандану дәуірі. Біз демократиялық, ашық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жан-жақтан келіп жатқан ақпарат ағынында дамыл жоқ. Ал, оның ішінде озығы да, тозығы да бар. Сондықтан бұл мәселеге өте сақтықпен қараған жөн» - деді  облыс әкімі Бауыржан Әбдішев. 

Блогқұрылтай аясында бірнеше байқаулар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында үздік пост, бейнеролик және фотосуреттер байқауы өткізілмек. Сондай-ақ дәстүрге айналған Старт-ап жобалар байқауы жарияланды.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика