Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы Қазақстанда республикалық жолдардың 1,7 млн м2 шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған

«Казахавтодор» РМК жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жол жамылғысын жөндеу бойынша көктемгі жұмыстарды бастады. Жөндеумен қамтылатын жолдардың жалпы ауданы 1,7 млн м2 қамтиды деп жоспарлануда.
Казахстан26 Наурыз , 11:20

Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіндегі ақауларды жою үшін бірқатар жұмыстар көзделген: асфальт-бетонды жамылғыда шұңқырлық жөндеу жұмыстары (1200 мың м2), жүру бөлігін маршруттық тәсілмен жөндеу (95 мың м2), тегістеу қабатын ретке келтіру (66 мың м2), жолтабандар мен жоталарды жою (388 мың м2). Бұдан тыс, жоспарға сәйкес ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,1 мың километрге созылған жүру жолының жол таңбаларын салу, 8 мыңнан астам жол белгілерін құру және ауыстыру, 17 мың метр жол қоршауының жөнделуі көзделген, деп Көліккомминде хабарлады.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық маңызы бар жолдарында шұңқырлық жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық регламентке сәйкес бұл жұмыс барлық облыстарда қар еріп, қолайлы күн райы болғаннан кейін басталады.

 

 




Яндекс.Метрика