Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Сенатта әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралды

Сенат комитетінде әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң жобасы қаралды.
Астана қаласы26 Наурыз , 10:30

ҚР Парламенті Сенатының хабарлауынша, бүгін Әлеуметтік-мәдени даму мен ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші оқылымда әлеуметтік қамсызданлыру тураалы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Заң жобасы 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік сипаттағы төлемақыларды 12 пайызға арттыру, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 25 пайызға арттыру, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 75 айлық есептік көрсеткіштегі бала күтіміндегі бір реттік төлемақы төлеу арқылы халықты әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру қарастырылған.

Сонымен қатар, заң жобасын іске асыруға 2014 жылы 51,3 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат керек.

Концептуалды мақұлданған заң жобасы Палата қарауына жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетейік, құжат Мемлекет басшысының 2014 жылғы 14 ақпанда Үкіметтің кеңейілген отырысында берген әлеуметтік қамсыздандыруды арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.




Яндекс.Метрика