ҚР ИИДМБ

ТКМ кәсіпорындарын жаңғырту және ҮИИД МБ қорытындысы «Astana Mining & Metallurgy» конгресінде талқыланады

Қазақстанның тау-кен металлургиялық кәсіпорындарын жаңғырту «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясындағы және үдемелі индустриалды инновациялық бағдарлама жобасының қорытындысы Астанадағы «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық конгрессте талқыланады.
Астана қаласы26 Наурыз , 09:45

Сессиялар мен дөңгелек үстелдер «Өнімдіік-2020» бағдарламасы аясында ТМК жаңғырту, энерготиімділік, жер қойнауын бар әлем бойынша іздестіру. «Astana Mining & Metallurgy»  алаңында Үдемелі индустриялдық-инновациялық бағдарлама мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы талқыланатын болады, деп ҚР Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Тау-кен металлургиялық конгрестің халықаралық тұжырымдамасы геологиялық бақылау, мыс өндіру, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу және дайындау сұрақтарын қарастырады.

Сондай-ақ, «Astana Mining & Metallurgy» аясында 95-ші халықаралық ұйымдастыру комитетінің Әлемдік тау-кен конгрессін өткізу жоспарланған.  Ол Астанада 2018 жылы  өтетін 25-ші WMC отырысына бағытталған.

«Конгресстің басты мақсаты саладағы жаңа технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды ашу, шетелдік жаңа мүмкіндіктерді қолдануды қарастыру», - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау.

«Astana Mining & Metallurgy» 5-і халықаралық конгресі 2014 жылдың 12-13 маусымында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика