ҚР ИИДМБ

«Қазақстанның даму банкі» ҮИИД бағдарламасы бойынша 7 млрд доллар сомаға 22 жобаны қаржыландырды

Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) ең ірі 22 жобасын ҚДБ қаржыландырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі, «Қазақстанның даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Әсет Исекешев.
Казахстан11 Сәуір , 00:00


«Индустриялық бағдарламаның 3 жылында жалпы құны шамамен 7 млрд АҚШ доллары болатын ҮИИДМБ ең ірі 22 жобасын банк қаржыландырды. Олардың ішінде жалпы құны 2,5 млрд АҚШ долларынан асатын 17 жоба пайдалануға берілген», - деді Ә.Исекешев.
Сонымен қатар, ол ең ірі деген жобаларды атап өтті, олар - Тараз металлургиялық зауыты, Екібастұздағы вагон құрастыратын зауыт, Мойнақ ГЭС, Шымбұлақ және Бурабай туристік кешендері, «Қазақцемент» цементтік зауыты және басқалары. 

Жалпы ҚДБ-нің ел экономикасына үлесі туралы айта отырып, вице-премьер "10 млрд-тан астам АҚШ долларына инвестициялар тартылды, жобаларға шамамен 5 млрд доллар несиелік қаражаттар салынған. Банктің қызметінің басынан бастап 94 инвестициялық жоба қаржыландырылған, оның ішінде 69 инфрақұрылымдық жоба, олардың 46 жаңа және 23 жетілдірілген кәсіпорындар» екенін айтты. 
Вице-премьердің айтуынша, кәсіпорындарға жыл сайынғы өндіріс көлемінің 2,7 млрд доллары салынған, 23 мың сапалы жұмыс орындары құрылған және кәсіпорындардың банкпен қаржыландырылған жыл сайынғы экспортының 600 млн доллары және 30 млн теңге салықтық түсімдер. 
 




Яндекс.Метрика