Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы Астана-Теміртау учаскесінде жолдың алғашқы 22 шақырымы пайдалануға беріледі

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында 2014 жылы Астана-Теміртау учаскесінде жолдың алғашқы 22 шақырымы пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолы комитетінің төрағасы орынбасары Сатжан Әбілалиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 26 Наурыз, 09:16

«Өткен жылдан бастап маңызды көлемді жобалар біртіндеп іске асырылуда. Атап айтар болсақ, Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік пен Орталық-Батыс. Оңтүстік-Орталық жобасына келер болсақ, қазіргі таңда Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай учаскілерінде құрылыс жұмыстары басталды», - дейді С.Әбілалиев.

Оның айтуынша, 2014 жылы Астана-Теміртау учаскісінде жолдың алғашқы 22 шақырымы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Қарағандыдан бастап Қапшағайға дейінгі учаскеде биыл жобалау-сметалық жұмыстар аяқталатын болады. Жол толықтай 4 жолақты қозғалыс негізінде салынып, соңғы технологиямен жарақтандырылып, Алматы-Қапшағай жолына 6 жолақ салынады.

«Жоба барлық халықаралық талаптарға сай келеді. Мұнда сағатына 150 шақырымға дейін жылдамдық алуға мүмкіндік бар. Аталмыш жобаның нәтижесі бойынша, бұл жерлердегі жол-көлік оқиғалары мен апаттық жағдайлар азаятын болмақ. Ал жылдамдық 3 есеге дейін артпақ. Ал экономикалық тұрғыдан аталмыш автожол өңірлер арасына тиімді байланыс құрмақ», - дейді С.Әбілалиев.





Яндекс.Метрика