Халықаралық интеграция

ҚР Президенті БҰҰ-на ядролық қаруды таратпау жөнінде Келісім шарт қызметін орындауды сараптау бойынша арнайы комитет құруды ұсынды

Гаагадағы Ш жаһандық саммит қарсаңында жарық көрген, Euractiv және Washington Times тәрізді әлемнің жетекші интерактивтік саяси ақпарат көздерінде орналастырылған Қазақстан Президентінің мақаласында біздің еліміздің әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту жөніндегі шешімі осы саладағы Қазақстанның көшбасшылығына негіз болғаны атап өтіледі.
Әлемде25 Наурыз , 22:00

Қазіргі уақытта, мақалада атап көрсетілгендей, ядролық қарудың түрлі экстремистік топтардың қолына түсу қаупі айрықша алаңдаушылық тудыруда. Ядролық терроризм халықаралық қауіпсіздік үшін ең үлкен қатердің бірі болып отыр, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мақаласының соңында Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі ядролық арсеналдың талқандау мүмкіндіктеріне емес, мүдделердің үндестігі мен халықаралық міндеттемелердің орындалуының жасампаз күшіне негізделуге тиіс екеніне баса назар аударады.    

 

 

 




Яндекс.Метрика