Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті.
Әлемде 25 Наурыз, 20:00

Кездесу барысында мемлекеттер көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту мәселелерін талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда америкалық бизнеспен бірлескен 300-дей кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып отырғанын, бұл сауда-экономикалық саладағы қарқынды ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті мәлімдегендей, АҚШ – еліміздің экономикасының ірі инвесторының бірі.

Мемлекет басшысы біздің республикамыз Америка компанияларының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсене атсалысуына мүдделі екенін айтты.

Бұған қоса, келіссөздер кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тақырыбы да қарастырылды және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

АҚШ Президенті Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне зор үлес қосқанын, біздің еліміз бұл салада барлық мемлекеттерге үлгі болып саналатынын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Барак Обама Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.

 

 

 





Яндекс.Метрика