Мәдениетті жаңғырту

ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында Шағырмашылық үй ашылды

Наурыз мейрамын мерекелеу асында ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында Шағырмашылық үй ашылды.
Шығыс Қазақстан 25 Наурыз, 12:15

ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлағандай, нысанның құны 224,4 млн. теңгені құрады.

«Біздің мақсатымыз балаларға сапалы білім беру, олардың дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Яғни, олардың ертең Қазақстанның белді азаматы болуына және еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін олардың өзіндік үлес қосуына ықпал жасау. Бұл дегеніңіз – мәдениет,  өнер, әдебиет және спорт», - деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы қатысушыларды наурыз мейрамымен құттықтап, оларға табыс тіледі және Шығармашылық үйіне үй кинотеатрын сыйға тартты.

Жаңа Шығармашылық үйінің символикалық «Алтын кілтін» оның директоры Шынар Құрмановаға «Асар Шығыс - Құрылыс» ЖШС басшысының орынбасары тарту етті. Жаңа шығармашылық үйінің бүгінде өзінің тәрбиеленушілері бар.  Қазіргі таңда техникалық модельдеу үйірмесі жұмыс істейді, ал алдағы уақытта хореография, балет биі, тігін тігу,  тоқыма тоқу,  ұлттық ойындар, жас туристер үйірмесі сынды бірқатар үйірмелер ашылады. Тіпті биологиялық орталықта ашылады деп күтілуде. Бүгінде бұл үйірмелерге 150-ден астам мектеп оқушылары жазылуға дайын.  

Айта кетерлік жайт, өткен жылы Үлкен нарын ауылында жаңа «Балбөбек» бала-бақшасы пайдалануға беріліп, «Күншуақ» бала-бақшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына 68 млн. теңге бөлінді. «Күншуақ»  мектепке дейінгі мекемесіне 40 бүлдіршін барады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі 15 баладан тұратын арнайы топ ашылған. Наурыз мерекесіне орай облыс басшылығы балаларға  кеңформатты телевизор тарту етті.





Яндекс.Метрика