Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ҚР Нидерландымен қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласы бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Нидерланды Корольдігінің инфрақұрылым және қоршаған орта министрі Мелани Шульц Ван Хоген-Маас Геестеранус екі ведомстваның қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Әлемде25 Наурыз , 13:00

ҚОСРМ хабарлағандай, құжатта су ресурстарын ластанудан сақтау, гудротехникалық құрылымдарды жаңарту аясында жаңа техналогияларды енгізу салары бойынша өзара бірлесіп жұмыс істеу қарастырылған.  Сонымен қатар, Меморандум шеңберінде  «жасыл» экономиканы және оны тұрақты  дамыту,  гидрометеорологиялық ақпаратпен алмасу, «жасыл» технологияны жасау бойынша бірлесіп жобаларды жүзеге асыру және энергия тиімділігін арттыру саласы бойынша бірлесіп жұмыс істеу қарастырылған.

Бұдан басқа, тараптар биологиялық түрлерді сақтап қалу, жаһандық климаттың өзгеруімен күресу, тұрмыстық және өнеркәсіптік қатты қалдықтарды басқару бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Нидерланды екі жақтың қоршаған ортаға қатысты заңнамалық актілермен танысып, ғылыми-техникалық және әдістемелік құжаттармен алмасады, бірлесіп  конференциялар мен симпозиумдар өткізеді. 




Яндекс.Метрика