Халықаралық интеграция

Қазақстан әлемнің экономикалық тұрғыда дамыған елдірінің бірі болады - Л.Гусев

Қазақстан әлемнің экономикалық тұрғыда дамыған елдірінің бірі болады, деп есептейді Ресейдің СІМ (У) ХҚММИ Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Леонид Гусев.
Әлемде25 Наурыз , 11:30

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында экономикаға және ел алдында тұрған жаңару  мәселелеріне басымдық берілген. Осы ретте Президент Стратегия-2050 нақты істерден тұратын нақты бағдарлама ретінде атап өтеді. Содан кейін Президент әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қояды. Айта кетерлік жайт бұл міндетті іске асыру үшін оны 7 бесжылдыққа бөліп, әрқайсысына нақты істер жоспары жасалған», - деп Леонид Гусев баса айтты.

Оның айтуынша, олардың басым бөлігі жаңа технологияларды жасауға арналған, атап айтатын болсақ мо­бильді, мультимедиялық, нано- және ғарыш технологиясы, құлтеміртехникасы, гендік инженерия, болашақ энергиясын іздеу және ашу салаларында жаңалық ашу болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында, басымдық тиімді жер  нарығына, ашық баға қалыптастыру жүйесіне және қайта өңдейтін кәсіпорындар желісіне берілген.

«Айтарлықтай көңіл тасымалдау саласынада бөлінуде, бұл ретте Қазақстанның Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропаны байланыстыратын мемлекет екені ерекше аталып өтуде. Шын мәнінде бұлсыз ешқандай мемлекет еркін дами алмайды. Сонымен қатар, маған Елбасының халыққа Жолдауының соңында жастарға көңіл бөлгені қатты ұнады. Ол  оларды өз елінің болашағын бірлесіп жасауға шақырды, оларды осы мақсатта енжарлық танытпауын сұрады. Сондай-ақ, әр мемлекеттің болашағы оның жастарына, олардың алға қойған мақсаттарына байланысты екенін атап өтті. Егер жоспар түгелдей жүзеге асырылатын болса онда Қазақстан шын мәнінде экономикалық тұрғыда дамыған елдердің қатарына кіреді », - деп Л. Гусев атап өтті.




Яндекс.Метрика