Мәдениетті жаңғырту

“Astana Piano Passion” екінші халықаралық байқауына 23 елдің өкілдері қатысады

“Astana Piano Passion” екінші халықаралық байқауына 23 мемлекеттен келген 120 бүлдіршін қатысады.
Астана қаласы25 Наурыз , 10:00

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқауда бақ сынауға өтініш берген ең жас конкурсант Астанадан келген Шыңғыс  Бапанов. Ол осыдан бір ай бұрын 6 жасқа толды. Шыңғыс  2 жылға жуық «Виртуозы» жекеменшік музыкалық студиясында музыкамен айналысып келеді.

Байқауға қатысуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Өзбекстан, Австралия, Сербия, Албания мен Вьетнам елдерінен көп өтініш түскен.  “Astana Piano Passion” екінші байқауы өзінің географиялық тұрғыда кеңдігімен ерекшеленеді. Сайысқа қатысу үшін өтініш Солтүстік  Америка, Евразия және Австралия елдерінен де өтініштер келіп түскен. Бұл дегеніңіз жас пионистер байқауы ұйымдастырушылардың түпкі мақсатын, яғни, халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру, тәжірибемен және әр мемлекеттің фортепианалық мектептерінің әдістемесімен алмасуға мүмкіндік беруде.  

Жартылай финалға өткен бүлдіршіндердің есімі 1 аптадан соң 2014 жылдың 1 сәуірінде белгілі болады. Бұл балалар Классикалық музыка фестивалі аясында өтетін  “Astana Piano Passion” сайысының жартылай финалы мен финалына қатысу үшін Астанаға 2014 жылдың 10 мен 16 мамыр аралығында келеді.  

Айта кетерлік жайт, байқаудың жүлде қоры 60 мың долларды құрады.




Яндекс.Метрика