Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы Француз Республикасының Президентімен кездесті

Бүгін Гаагада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті.
Әлемде 25 Наурыз, 00:28

Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына да баса назар аударылды.

Бұған қоса, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.     





Яндекс.Метрика