Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы Нидерландтың ірі компанияларының көрме-таныстырылымында болды

Елбасы Н.Назарбаев Нидерландтың ірі компанияларының көрме-таныстырылымына қатысты.
Әлемде24 Наурыз , 09:53

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Президенті Голландтың жоғары технологиялық кәсіпорындарының жетістіктері көрмесімен, атап айтқанда Royal Ten Cate, CLAAS, Royal Dutch Shell, Royal Philips тәрізді және басқа да компанияларының жобаларымен танысты.

Сондай-ақ, онда бірлескен қазақстандық-еуропалық перспективалық инвестициялық жобалар таныстырылды.

25 компания  қатысқан көрме аясында жалпы құны 328 миллионнан астам еуро болатын екіжақты 13 құжатқа қол қойылды.




Яндекс.Метрика