Халықаралық интеграция

Қазақстан Президенті Нидерланд Королі Виллем-Александрмен мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық аясын кеңейту перспективаларын талқылады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Нидерланд Королі Виллем-Александр Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық аясын кеңейту перспективаларын талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Әлемде23 Наурыз , 23:40

Кездесуде Қазақстан мен Нидерланд арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық аясын кеңейту перспективалары талқыланды.

Нидерланд Королі Қазақстанның және Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды. 

Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетіні атап өтілді.




Яндекс.Метрика