Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы мен Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі бірқатар екіжақты келісімге отырды

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Әлемде23 Наурыз , 22:15

«Сонымен, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды. Бұған қоса, халықаралық күн тәртібінің негізгі жайттары, соның ішінде Украинадағы жағдай қаралды.Тараптар басты назарды ядролық қарусыздану және ядролық қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және энергетикалық ынтымақтастық аясын кеңейту бағыттарына аударды.Сондай-ақ, тараптар ертең Гаага қаласында өтеді деп жоспарланған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит бағдарламасын талқылады», - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін Нидерланд Еуропалық Одақтағы негізгі және перспективалық серіктесінің бірі екеніне тоқталып өтті. Оның айшықты айғағы – екі елдің түрлі салалардағы белсенді сауда-инвестициялық ынтымақтастығы. Нидерланд еліміздің экономикасына салынған инвестиция көлемі жөнінен бірінші және сауда серіктестеріміз арасында жетекші орын алады, Қазақстанда Голланд капиталы салынған 800-ге жуық компания өз қызметін жүзеге асыруда.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен инновациялық саладағы екіжақты өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, Голланд компанияларын Астанадағы ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесінің жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, тараптар су ресурстарын тиімді басқару және экология, екі елдің транзит-көлік әлеуеті мен логистикалық  инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.     

Кездесу қорытындысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Нидерланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға, Қазақстан – Нидерланд Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.




Яндекс.Метрика