Өңірлер

Алматылықтарға Наурыз мейрамының тарихы, дәстүрі мен ырымдары туралы театрландырылған қойылым көрсетілді

Кеше Алматы қаласының Республика алаңында Наурыз мейрамының тарихы, дәстүрі мен ырымдары туралы театрландырылған қойылым көрсетілді.
Алматы қаласы23 Наурыз , 11:21

Қала әкімі Ахметжан Есімов, шаһар тұрғындары мен қонақтарын Көктемгі күн мен түннің теңесу күнімен құттықтады.

«Біз әрқашан бірлік пен  толеранттылықты сақтай отырып еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ұлғайтып және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін орындай алатынымызды есте сақтауымыз керек.  Елбасы атап өткендей, Қазақстанда батыстық және қазақи ескі құндылықтарымыздың синтезін жасай алдық», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы атап өткендей, Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстан толерантты қоғамның озық үлгісі болып қалыптасты. Тәуелсіздік алған жылдары  ұлтаралық және конфессияаралық диалог құрудың бірегей үлгісі жасақталды. Соның арқасында 130-дан астам ұлт өкілдірі бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруде.

Мерекелік іс-шара концертке ұласты. Онда еліміздің еңбек сіңірген әртістері  мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетіп, қолөнершілердің жәрмеңкесі өтті және наурыз көже таратылды. 




Яндекс.Метрика